Тұңғыш  президент  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ақтөбе қаласында 29 ақпан күні Ғазиза Жұбанова атындағы Облыстық филармониясында өнерлі балалар мен жасөспірімдер арасында Республикалық «Ұлы дала мұрасы» атты байқау өтті.

  

Аталған байқауға Тасқала аудандық балалар саз мектебінің ұлт-аспаптар ансамблі (жетекшісі Е.Амангалиев) қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Қазылар төрайымы Ақтөбе облыстық филармониясы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры Мадина Маратовна Қабижанова Тасқалалық өнерпаздарға риясыз пейілін білдірді. Сондай –ақ жеке қатысушылар да өз бақтарын сынады, атап айтсақ , домбыра номинациясы Базарбаева Раушан І орын, (жетекшісі Р.Жадаева), қобыз номинациясы Ерлан Нұрайым ІІ орын , (жетекшісі Э.Кукасова), Казыева Газиза ІІІ орын, (жетекшісі И.Жумакаева ), сырнай номинациясы Тугаева Алина ІІІ орын, (жетекшісі Б.Каратаева). Өнерлі өрендерге алған жүлделері құтты болсын айта келіп, өнерде әлі де талай биік белестерді бағындыра беріңдер дейміз.

 

И.Жумакаева.

Балалар саз мектебі директорының ОІЖ орынбасары