25 ақпан күні Ы.Алтынсарин мектебінде «Ақберен » өнер байқауының аудандық кезеңінде Облыстық кезеңге аудан оқушылары жолдама алған болатын. 

       

5 наурыз күні аталмыш байқаудың Облыстық кезеңі «Дарын» қосымша білім беру орталығында өткізілді. Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. Ұлттық аспапта өнер көрсету, «шешендік ,білгірлік», көркемсөз оқу, эссе жазу, ақындар мүшайрасы, айтыскер  суырыпсалмалық өнер. Алдымен ашылу салтанатында қосымша білім беру орталығының директоры Г.Дүйсенгалиева сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы «Ұлттық аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша ( қобыз аспабы), Шарипова Гүлназ ІІ орынға табан тіреп, (жетекшісі И.Жумакаева) үздік үштіктің қатарынан көрінді. «Шешендік, білгірлік» аталымы бойынша Мереке ОМББК 8 сынып оқушысы Болатов Сержан, (жетекшісі К.Маюков) «Көркемсөз оқу» аталымынан Оян ОМББК 9 сынып оқушысы Бақтығалиева Дильназ, (жетекшісі А.Макарова), сол мектептен Муратова Дильназ «Эссе жазу» аталымынан (жетекшісі Г.Мухамбетжанова ), «Ақындар мүшайрасы» аталымы бойынша «Сәулет» МЛ 10 сынып оқушысы Избанова Данагүл (жетекшісі Г.Бисекеш) Грамоталармен марапатталды. І орынға іліккен қатысушылар Республикаға жолданды. Осындай сайыстар Облыс көлемінде жиі-жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Ира Ибатқызы

Балалар саз мектебі қобыз класының І санатты оқытушысы